|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 1 негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа №1 отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
25
Желтоқсан
2025
|

2025 жылғы 22 желтоқсанда мектеп оқушылары «Жаңа жылдық сиқырлы сәттер» атты салтанатты мерекелік іс-шараға қатысты, оған Жітіқара ауданының әкімі Жаныспаев А. А. қатысты. Мерекенің ерекше ертегідей атмосферасын әсерлі иллюзионисттік шоу мен қызықты ертегі кейіпкерлерінің шытырман оқиғалары қалыптастырып, балаларға ұмытылмас қуаныш пен жағымды әсер сыйлады. Мерекенің соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен смартфон табыс етілді.
|
25
Желтоқсан
2025
|

Жаңа жыл мерекесіне дайындық аясында қолданбалы өнер бұйымдары мен суреттер байқауы, сондай-ақ оқу кабинеттерін ең үздік безендіру байқауы өткізілді. Білім алушылар қиял мен шығармашылық танытып, мектепке жарқын жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Байқау жеңімпаздары грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Барлық қатысушылар мен сынып жетекшілеріне белсенділік пен шығармашылық үшін алғыс білдіреміз!






