2024 жылғы 16 ақпанда "Жітіқара ауданының білім бөлімінің 1 Негізгі орта мектебі" КММ-де "Кәмелетке толмағандарға қатысты суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу"жалпымектептік бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді. Онда балалар мен жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез-құлық қаупінің өте күрделі, алаңдатарлық проблемасы, аутодеструктивті себептер талқыланды, олардың бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық және балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастардың бұзылуы болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлықтың негізгі себептерін қарастырды.