2025 жылдың 16 мамырында ҚМУ «№12 жалпы білім беретін мектеп» базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Біздің ғылыми жобалар конкурсына қатысу нәтижелерімізді «Python бағдарламалау тілін қолдана отырып, жел жылдамдығын өлшеу және деректерді талдау» жұмысымен бөлісеміз! Біз жел жылдамдығын өлшейтін анемометр құралын жасадық. Деректер Python көмегімен өңделді: біз деректерді жинау, талдау және нәтижелерді визуализациялау үшін код жаздық. Жұмыстың мақсаты: анемометр көмегімен жел жылдамдығын өлшеу нәтижелерін Google Ауа райы деректерімен салыстыру және деректерді Python арқылы өңдеу. Біздің жігіттер Жұмағұлов Амир мен Гриневич Никитаға еңбектері мен шабыттары үшін алғыс айтамыз – сендер кереметсіңдер! Жетекшіміз және тәлімгеріміз Шалтаева Динара Батырбекқызына алғыс білдіреміз. Кәсіби кеңестері, шабыты және жобамызға деген сенімі арқасында біз конкурста «Математика. Физика» секциясында 2-орынға қол жеткіздік.