ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 1 негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа №1 отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Школьная көшесі, 23 үй
8(714-35)2-30-51
osh1@zhitikara.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 1 негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа №1 отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

                     WhatsApp Image 2025 12 26 at 09.32.43 WhatsApp Image 2025 12 26 at 09.32.44

Жаңа жыл мерекелері қарсаңында №1 негізгі орта мектеп облыстағы 42 білім беру ұйымының қатарына еніп, «Алматыкітап» баспасынан TopIQ-MobilBox заманауи мобильді оқу станциясын иеленді.
Аталған оқу кешенінің табысталуы педагогикалық ұжым мен білім алушылардың білім беру жобалары мен бастамаларын, соның ішінде Leader TopIQ жобасын іске асыруға белсенді қатысуының, сондай-ақ инновациялық білім беру ортасын дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын айғақтайды.
«Алматыкітап» баспасына көрсетілген сенімі мен оқу үдерісін ұйымдастыруда және заманауи білім беру технологияларын енгізуде жаңа мүмкіндіктер ашатын құнды әрі маңызды сыйлығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
TopIQ-MobilBox — интернет желісіне қосылусыз автономды түрде жұмыс істейтін, жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған оқу станциясы. Оның құрамына:
  • • әртүрлі бейнематериалдар, аудиоресурстар мен мультимедиялық контент;
  • • қазақ және орыс тілдеріндегі 395 оқулық пен көркем әдебиет басылымдары;
  • • интерактивті тапсырмалар мен тестілік модульдер кіреді.
Инновациялық шешімдерді қолдау мен білім беруді дамытуға ұмтылыс білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын біріктіріп, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың сапалы болашағын қалыптастыруға бағытталғаны ерекше маңызды.
Мектебіміздің дамуына қосқан үлесі мен білім беру бастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдіреміз.
© 2026. Все права защищены.