Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 1 негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа №1 отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
25
Қыркүйек
2022
|

2022 жылдың 5 қыркүйегінде «№1 негізгі орта мектебі» КММ-де салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту мақсатында Денсаулық күні өтті.
Білім ошағымызда маусымдық денсаулық күндері дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Денсаулық күні спорттық ойындар, эстафеталар түрінде өткізіледі. Мектепте мерекені дайындаудағы басты қамқорлық - балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету.
Мерекенің ашылуы жалпы мектептік линейкамен басталды, онда оқушылар іс-шараның жоспары туралы толық ақпарат алды. Барлық сыныптар маршрут парақтарын алып, келесі станцияларға барды:
- «Жасыл дәріхана» станциясы
- «Жаттығу» станциясы
- «Тарихи» станциясы
- «Ойын марафоны» станциясы
- «Әдет» станциясы
- «Сәлеметсіз бе дәрігер» бекеті
Станцияларда балалар көп нәрсені үйреніп қана қоймай, шығармашылық, тапқырлық, зейінділік танытты, сонымен қатар белсенді қимылдады. Әркім өз бағын сынап, шеберлігін, байсалдылығын, ерік-жігерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Күн бір демде өтті - барлығы жақсы көңіл-күймен тарқасты, сергектік пен қуат күшін және т.б. пайдалы, көп ақпарат алды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлік - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерының тұрған қызмет орнын атқаруға конкурс жариялайды – 1ставкасы.
Мекенжайы: 110700, Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Жітіқара ауданы, Школьная к-сі, ғимаратты 23, телефон 8-714-35-2-30-51.
Негізгі қызметі: Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен тиісті жалпы орта білім беру бағдарламаларының талаптарың орындаудың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған орта білім алуға қажеттігі жағдайлар жасау.Конкурс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурс қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.