Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 1 негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная средняя школа №1 отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
20
Сәуір
2023
|
18 сәуірде Жітіқара ауданының білім бөлімі Жітіқара қаласының полиция бөлімімен бірлесіп, аудандық қозғалыс инспекторларының слетін өткізді . ЖҚИ слетінің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру. "№1 Негізгі орта мектеп"КММ оқушылары аудандық жас қозғалыс инспекторларының слетіне қатысты. Номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды: Үгіт бригадасы-2 орын, сондай - ақ "Жас санитар" номинациясы-2 орын. Слет қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз!!!!!!
17
Сәуір
2023
|
Қазақ халқының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ классикалық әдебиетін оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында 17 сәуір күні Абай атындағы лицей мектебінің базасында «Абай оқулары -2023» аудандық байқауы өтті. Бұл сайысқа мектебіміздің оқушылары 9-сынып оқушысы Жұмағұлова Маржан қатысып, жүлделі 3-орынды иеленсе, 8-сынып оқушысы Герд Павел мадақтау қағазымен марапатталды.
Оқушыларды сайысқа дайындаған қазақ тілі мұғалімдері: Есенова А.О., Семендерова Д.И.